Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік таратқан ресми құттықтауда бұл мейрамның рухани бірлік пен адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы маңызы ерекше атап өтілді.
Құрбан айт – татулық пен мейірімділікке үндейтін, жақсылық пен сауапты істерге жол ашатын ұлық мереке. Бұл күндері халқымыз ізгі ниеттерін білдіріп, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, қайырымдылық жасап, рухани биіктікке ұмтылады. Құрбан айт әрбір отбасыға шаттық, береке мен ырыс әкелсін!, – делінген министрліктің құттықтауында.
Мәдениет және ақпарат министрлігі барша қазақстандықтарды татулықты сақтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырып, елге тыныштық пен амандық тіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы