4 Тамыз 2026, 08:58
Фото: primeminister.kz
Made in Kazakhstan: Үкімет отандық өнімдерді қолдау тетіктерін талқылайды
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – отандық тауарларды қолдау және Made in Kazakhstan брендін ілгерілету шаралары.
Бүгін, 4 тамыз күні сағат 10:00-де Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – отандық тауарларды қолдау және Made in Kazakhstan брендін ілгерілету шаралары.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Олар журналистердің сұрақтарына жауап беріп, қазақстандық өндірісті дамытуға бағытталған жоспарланған шаралар туралы ақпарат береді.
Үкімет отырысының тікелей эфирі PrimeMinister.kz ресми сайтында, Үкіметтің YouTube арнасында, Facebook парақшасында және UKIMET Telegram арнасында көрсетіледі.