22 Желтоқсан 2021 2021, 18:03

Мадагаскарда кеме апатынан көз жұмғандар саны 64-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадагаскар жағалауында жүк кемесінің апат болуынан қаза тапқандар саны 64-ке жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадагаскар жағалауында жүк кемесінің апат болуынан қаза тапқандар саны 64-ке жетті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Агенттік дерегінше, тағы 24 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Дүйсенбі күні Agence France-Presse 17 адамның көз жұмып, тағы 60 адамның жоғалғанын мәлімдеген болатын. 

Бұған дейін Мадагаскарда тікұшақ апатынан кейін төрт адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді.