Маңғыстауда жаппай төбелес ұйымдастырған күдікті уақытша қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстаудағы жаппай төбелеске қатысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаппай төбелес 12 қазан күні Маңғыстау ауданындағы ипподромда болды. 

"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру біріңғай реестрінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметінде. 

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстаудағы ат жарысының соңы жаппай төбелеске ұласып кеткендігі туралы жазған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы