Маңғыстауда туристік сала дами береді - әкім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен баспасөз мәслихатында облыс басшысы облысішілік жолдарды ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріліп жатқанын айтты. 

"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмысына 7 млрд теңге бөлінген" - деді әкім. 

Оның сөзіне қарағанда, Маңғыстау облысында басымдық берілген саланың бірі – туризм кластері. 
Осы бағытта қазір Ақтау қаласында түркиялық инвесторлардың (Сембол Контракшн) қатысуымен құны 57 млрд теңге болатын 500 орынға арналған туристік қонақ үй кешенінің құрылысы жүруде. Нысанның 1-ші кезеңі 2020 жылдың соңында іске қосылады (600  жұмыс орны құрылады). Қызмет көрсету саласындағы қажетті мамандар Түркиядағы қонақ үй кешендерінен қазірден бастап арнайы оқытудан өтіп жатыр. Нәтижесінде әлемдік талаптарға сай қызмет көрсететін мамандардың біліктілігі артады, - деді әкім. 

Басқосу барысында Маңғыстау облысының әкімі өңірдегі өзге де өзекті мәселелер жөнінде мағлұмат берді. Кәсіпкерлік өрісін кеңейту, өңдеу өнеркәсібін өрістету, қала келбетін көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту секілді аса маңызды дүниелер сөз болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы