Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 шілдеде ауа райына байланысты Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет РМК.
Күндіз 31 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты ыстық 38 градус күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%.
31 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ. Батыстан жел соғады күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Орал қаласында 31 шілдеде күндіз найзағай, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы