Маңғыстау облысының прокуратурасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының прокуратурасы «Мектепке жол» жыл сайынғы қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету болып табылады.
Акция аясында көмекке мұқтаж 50 балаға көмек көрсетіліп, олар сөмкелермен, кеңсе тауарларымен және мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.
Келешекте осы тектес акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жаңа мамандықтар атласы жасалады
Өзгелердің жаңалығы