Маңғыстау облысының бюджеті 210 млрд теңге болып бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты.
2020 жылға арналған облыс бюджеті 210 млрд теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде републикалық бюджеттен 50 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 160 млрд теңге қарастырылған. Бұл осы жылдың бекітілген бюджетінен 17 млрд теңгеге немесе 9%-ға артық.
Қолданыстағы салықтық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттің кірістер базасына шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін корпоративті табыс салығы берілді. Бекітілген бюджет көлеміндегі аталған салықтың үлесі 13 млрд теңге.
Айта кетейік, бюджет құрылымының негізгі үлесін 60% әлеуметтік сала шығыстары құрайды - 123 млрдтеңге немесе өсім 14% құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада мешіт шәкірттері арасында жарыс өтті
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы