Маңғыстау облысында жомарт жандар көп балалы отбасыға баспана сыйлады
Астана, baq.kz. Маңғыстау облысында көп балалы отбасыға аймақтың жомарт жігіттері екі бөлмелі үй сыйлады. Олар 7 баласымен пәтер жағалап жүрген жалғызбасты ананың жағдайына бей-жай қарай алмаған. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.
Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылынан 10 сотық жер сатып алып, екі бөлмелі үй салып берді. Баспаналы болған Людмила Смағұлова мен балаларының қуанышында шек жоқ. Олар қол ұшын берген жандармен және жаңа көршілерімен бірге қоныс тойын тойлады.
«Мен сөзбен жеткізе алар емеспін бақытты екенімді. Осындай өз шаңырағымыз бар екеніне сенбей отырмын. Арманымызға жеттік. Бәріне де рахметімді айтқым келеді. Балаларым да қуанып жатыр», - жалғызбасты ана Людмила Смағұлова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде діни мейрамда көпшілік шомылу орындары белгіленді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы