Маңғыстаулық жедел-жәрдем қызметкерлеріне қосымша үстемақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың шешімімен аймақтағы жедел-жәрдем қызметінің барлық 633 қызметкеріне 2 жалақы мөлшерінде үстемақы берілетін болды, деп хабарлады Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 78 миллион теңге бөлінді. Қазір облыста барлық шақыртуға 46 жедел-жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Еңбекақысына қосымша бұл қаржы жедел-жәрдем қызметкерлерінің осыған дейін мемлекет тарапынан үстемақы алған-алмағанына қарамастан, барлығына бірдей беріледі.
Қауіпті індетпен күресуде тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін жедел-жәрдем қызметіндегі дәрігерлер, фельдшерлер, санитар қызметкерлер мен жүргізушілердің еңбегі ерен. Дәрігерлерге облыс халқының атынан алғысымды айтамын, - деді облыс әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 220 адам коронавирустан жазылып шықты
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы