Маңғыстау облысындағы оқушылар жылыжайда қияр өсіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау ауданындағы Өтес орта мектебіндегі жылыжайда 74 түрлі тропикалық өсімдік өседі. Күн райы -15 градус көрсетіп тұрса да, жылыжай өзіндік температурасын сақтайды, дейді Сайөтес орта мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлсім Нәдірова.
Маңғыстауда өспейтін тропикалық өсімдіктердің түр-түрі осы жылыжайдан кездеседі. Бұлардың пайдасы лас ауаны сорып, оттегі бөліп шығарады. Мұндағы тәтті болгар бұрышы да, ерекше гүлдер де, тропикалық елде өсетін пальма ағашын Маңғыстаудан көрудің өзі бір бөлек. Өсімдіктерді баптап, оларға күтім жасауға, шәкірттеріне құнды ақпарат беріп, құпиясын ашуға тәрбиелеген мектеп ұстаздарының еңбегі ерен. Түрлі гүлдерді өсіру арқылы ауыл балаларының экология мәдениетін қалыптастыруға тигізер септігі мол, - деді Гүлсім Нәдірова.
Ерекше күтімді қажет ететін өсімдіктерді 2007 жылдан бері мектеп қызметкері күтіп-баптап келеді. Жылыжайда өсетін 74 түрлі өсімдік тамшылата суару әдісі арқылы суарылады. Оқушылар жылыжай ішіне ғылыми жұмыстар жүргізеді.
Айта кетейік, карантинге дейін мұнда өскен қияр мен тәтті болгар бұрышын асханада оқушыларға берілетін тағамдарға пайдаланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
21-27 қыркүйек аралығында КВИ-ден 26 адам қайтыс болды
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы