Маңғыстау облысында діни ахуал тұрақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Маханбетов Мақсатбек Шахзадаұлы мәлім етті.
Бүгінде әлемді алаңдатқан коронавирус індетінен облыс тұрғындарын сақтандыру және қорғау шаралары жүргізілуде. Соның ішінде өңірдегі дін саласы да ерекше назарға алынып, сақтық шаралары күшейтілді.
Наурыз айының 16-нан бастап сәуір айының 15-не дейін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарияланған төтенше жағдайға
байланысты, Дін істері басқармасы өңірдегі барлық діни бірлестіктерге төтенше жағдай уақытында ғибадат үйлерде құлшылық ету рәсімдерін уақытша тоқтату туралы хабарламалар таратты.
Облыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 33 мешіт және 11 діни бірлестік барлығы 44 бірлестік қызмет атқарады. Аталған діни бірлестіктердің ішінде 36 сында ғибадат үйлері бар, қалған діни бірлестіктер жеке мекен-жайларында орналасқан.Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап діни бірлестіктер түсіністікпен қарап, ұжымдық құдайға құлшылық ету, діни жоралғылар, жиналыстар мен рәсімдерін өткізуді тоқтатты. Мешіттер мен ғибадат ету үйлері ашық, бірақ адамдар жиналмайды – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысының бас имамы Елжанов Әнуар Ізімбайұлы.Қосымша діни бірлестіктердің барлығына төтенше жағдайдың талаптарын бұзу әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеліп соғатыны түсіндірілген.
Осы орайда дін істері басқармасы аптаның әр жұма, жексенбі күндері мониторинг жасап, қадағалап отырады.
Барлық діни бірлестіктердің ғимараттарында қосымша санитарлық-эпидемиялық шаралары күніне 2 кезек және ғимаратты есік-терезелерін ашып желдету шаралары қолға алынған.