Маңғыстау облысына Армениядан әкелінген 135 көлік тіркеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айы басталғалы, яғни бір аптада Маңғыстау облысында Армениядан әкелінген 135 көлік уақытша тіркеуге қойылды, деп хабарлайды 24.kz.

Ақтаудағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарға кеңес беру бұрышы ашылған. Мұндағы мамандар шетелден автокөлік алып келген азаматтардың сұрағына жауап беріп, көмек көрсетеді. Сары номерді рәсімдеу бір сағаттай уақыт алады. Алдымен жалпы бағасы 12 мың теңге болатын мемлекеттік 3 алымды төлеу қажет.
Уақытша тіркеуге Армениядан осы жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, рулі сол жақтағы көліктер алынады. Ақпаннан кейінгі уақытта біздің елімізге кірген транспорт тіркелмейді. Олар не кері шығарылады. Болмаса оның иесі барлық мемлекеттік төлемдерді төлеуі қажет. Мұнан соң ақ түстегі номер беріледі, – деді Өңірлік ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жеңіс Дадаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы