Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспаөз қызметінен хабарлады. 

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына бұған дейін орынбасар қызметін атқарып келген Әнуар Сағымбаев  тағайындалды.

Әнуар Әлімжанұлы 1972 жылы туған, білімі жоғары, «емдеу ісі» және «кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандықтары бойынша білім алған. Медицина ғылымдарының кандидаты. «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атағының иесі.

1995 жылдан бастап медицина саласында үздіксіз қызмет атқарып келеді. Басшы лауазымындағы тәжірибесі де жеткілікті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы