Маңғыстау мешіттерінде намаз оқуға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айының 6-сынан бастап Маңғыстау облысының мешіттерінде жұма намазынан басқа намаздарды оқуға рұқсат етілді. Бұған дейін карантинге байланысты мешіттерде намаз оқуға тыйым салынған болатын. Қойылған талаптар енді біртіндеп жеңілдетілуде. Алайда санитарлық талаптар қатаң сақталмақ.

Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов түсіндіргендей, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен барлық мешіттерде атқарылатын іс-шаралар тәртібі бекітілген. Оған сәйкес, намазға жығылғандар ара қашықтықты сақтауға тиіс, мешітте он бес минуттан артық аялдауға болмайды, уағыз айтылмайды, жамағат қол алыспайды, намаз оқитын залдар үш сағат сайын залалсыздандырылады.
Десек те мен жасы үлкен кісілердің, денсаулығы нашар адамдар мен жас балалардың намазды өз үйінен оқығанын дұрыс көремін. Мешіт дәретханаларын карантин уақыты аяқталғанға дейін жабық ұстап отырмыз. Сол себепті келушілерден дәретін үйінен алып, жеке жайнамазымен келуін талап етеміз, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы