Маңғыстау өңірінде ауызсу тапшылығы азаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бүгін астанада 9 айды қорытындылаған Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов  өңірдегі су тапшылығын жою мақсатында жұмыс атқарылып жатқаны туралы айтты.

"Каспий" су тұщыту" зауытының  тәуліктік қуатын 40 мыңға дейін көбейту бойынша құрылыс жұмыстары бастау алды. Бұдан бөлек, "Кендірлі" аймағында (50 мың т.м.), Құрық ауылында (45 мың т.м.) және "Қаражанбас" кенорнында (17 мың т.м.), барлығы 112 мың текше метрді құрайтын су тұщыту зауыттарын салу жоспарланды. Нәтижесінде ауыз су өндіру көлемін 130 мың текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді, - дейді әкім.

Оның сөзіне қарағанда өңірде ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші - 69% жеткен.

Жыл соңында бұл көрсеткішті 75%-ға жеткізу жоспарланған.  Бұл облыстағы барлық халық санының 93%.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы