Маңғыстау ауданында жұмыссыз азаматтар қайтарымсыз грантқа қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау ауданында қайтарымсыз несие 65 адамға берілді. Грантқа ие болғандар ішінде көп балалы отбасы мүшелері, жұмыссыздар, атаулы жәрдемақы алатын азаматтар мен бизнесін дамытқысы келетін жастар бар.  

Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов мәлім етті.

Биыл еліміздегі карантиндік шараларға байланысты көптеген кәсіпкерлік нысанға шектеу қойылғанымен, алдағы уақытта өз кәсібін дамытамын деуші кәсіпкерлер аз емес. Әсіресе, мал шаруашылығы өнімдеріне қазіргі таңда сұраныс көп. Сол себепті кәсібін дөңгелетуге несие алып, жұмысын бастағысы келетін 40-тан астам тұрғын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы арқылы 181, 4 млн теңге қаржылай несие алды. Жыл басынан бері 58 тұрғынның кәсібін бастау үшін несиеге тапсырған құжаттары мақұлданды, - деді Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы құжаты мақұлданған 15 адам 298, 6 млн теңге көлемінде төмен пайызды несиеге қол жеткізді. Ал екі кәсіпкер ауданда «Атамекен» шағын несие ұйымынан 9, 8 млн теңге алды. Бизнес идеясын іске асыруда кездесетін қиындықтарды қалай жеңу керектігіне толыққанды мағлұмат беретін курстан ауданымызда жыл басынан бері 62 адам өтіп, сертификат алды. Жұмыссыз 112 азамат «Бизнес бастау» бойынша оқып шықты. Дәл қазіргі уақытта 31 адам білім алып жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы