Мақтааралдық диқандар егістік басында дауыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Nur Otan партиясының праймеризіне дауыс беру кезеңі қыза түсті. Мақтаарал ауданының диқандары да саяси додада белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.
Жалпы Мақтаарал ауданында Nur Otan партиясының 4570 мүшесі бар. Праймеризге 61 үміткер қатысып жатыр. Кандидаттар үгіт-насихат пен жария пікірсайыс кезеңінде ауыл шаруашылығын дамыту, өңірдің инфрақұрылымын ретке келтіру және өзге де мәселелерді қозғаған болатын. Мақтааралдық партия мүшелері осы азаматтардың арасынан үздіктерді таңдауға мүдделі. Соның ішінде диқандар қауымының да праймеризге атсалысуы – саяси белсенділіктің жоғары екенінің көрінісі, - деді Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Аудандағы 5 сайлау учаскесінде дәстүрлі бюллетень арқылы дауыс қабылданса, бүгін 8 орында онлайн дауыс беріліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы