Мақтааралда су деңгейі төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданындағы су басқан Жеңіс, Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдауси, Өргебас және Достық елді мекендері аумағынан бүгінде 8767м3 су шығарылды.

Үздіксіз су тартып шығару нәтижесінде елдімекендердегі автожолдар судан тазарды, деп хабарлайдыТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Су деңгейі бойынша Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарында 6 см төмендеп 44 сантиметрді құраса, Фирдауси және Достық ауылдарында су 9 см кеміп, 35 см деңгейінде. Ал Өргебас ауылында – "Казсушар" мәліметіне сәйкес, судың қайтуына байланысты деңгейін қадағалау тоқтатылған.

Сонымен қатар, су басқан аймақтағы 3 мыңнан аса үйлерден заттар шығарылып, иелеріне тапсырылды. Сондай-ақ судан 924 мал өлекселері шығарылды.

Жалпы су басқан ауылдарда авариялық–құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 1626 адам, 17 дана жүзу құрылғысы, 324 бірлік техника, 217 дана су сорғылар жұмылдырылып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы