Мәжілісте бірқатар ратификациялық заң жобалары қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарап, талқылайтын болады. Олардың қатарында Бразилиямен адамдарды ұстап беру туралы шартты, сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты, сонымен бірге, сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобалары бар.
Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша, 2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алады, - делінген ақпаратта.
Және ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы, ЕАЭО мен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдығы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін бекітеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы