Мәжіліс депутаттары Президенттің заңға қатысты ұсынысын қолдады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісмендер Президенттің азаматтардың меншік құқықтарын қорғауды күшейтуге қатысты ұсынысын қолдады. 

ҚР Президентінің «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 1-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары бойынша ұсынысы қабылданды. 

  ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әлия Рақышеваның айтуынша, парламент 2018 жылғы 27 желтоқсанда аталған заңды қабылдап, ол 28 желтоқсанда Мемлекет басшысының қол қоюына енгізілді.
«Қабылданған заң 2017 жылғы 31 қаңтардағы және 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауларын іске асыруға бағытталған», - деді Әлия Рақышева.

Қосымша баяндама жасаған  Мәжіліске ҚР Президентінің сәйкес ұсыныстар келіп түскенін айтты.
«Комитет өз отырысында аталған мәселені ҚР Президентінің және Үкіметінің өкілдерінің қатысуымен қарап, ҚР Президентінің ұсынысын қолдайды», - деді Әбдіров.

Депутаттар дауыс бергеннен кейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «сонымен, заңның 1-ші бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары бойынша ҚР Президентінің ұсыныстары қабылданды», - деді.

  Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы