19 Маусым 2020 2020, 13:20
Мәжіліс депутаттары Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Депутаттар Елбасының сарқылмас күш-қуаты мен ерік-жігерлік қасиеттері оған коронавирус індетін жеңуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Халық қалаулыларының пікірінше, Тұңғыш Президенттің кез келген жағдайдан жол табатын ерекше қабілеті еліміздің қиын-қыстау уақыттарға төтеп беріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары осы күні барлық қазақстандықтардың Елбасына шынайы жанашырлық танытуы, халықтық қолдауын айғақтайтынын атап өтті.
Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығуын және ұзақ ғұмыр тілейміз, - деді Мәжіліс депутаттары.