Мәжіліс депутаттары критериалды бағалау жүйесін қайта қарауды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын қарау барысында депутат Зағипа Балиева ТЖБ мен БЖБ оқушыларды бағалау жүйесі төңірегіндегі мәселені көтерді.
ТЖБ мен БЖБ (СОР мен СОЧ) үлкен мәселе. Олардың қажет екені анық, бірақ оларды жоспарлы түрде қалай енгізу керек екенін ойлану керек еді. Қандай жағдай болмасын бұлай бірден енгізуге болмайды. Сіз әзірлеп жатқан мемлекеттік бағдарламаға үлкен үміт артып отырмыз. Сонда да осы мәселені қайта қарау қажет. 10-11 сыныптарға назар аударайықшы. Балалар оқымайды, олар күнде ҰБТ-ға сұрақтардың жауабын жаттау арқылы дайындалады. Бұл дұрыс емес. Одан да балалардың жүктемесін азайтып, оларға білім алуды, талдауды және оны пайдалануды үйретіңіздер. Осы мәселені екінші оқылымда қарауды ұсынамын, - деді Балиева білім және ғылым министрі Асқар Аймағамбетовке.Еске сала кетсек, Парламент Мәжілісінің депутаттары kundelik.kz жүйесінің ақылы қызметтеріне наразылық білдірген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы