Мьянмада тағы шеру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мьянмадағы әскери төңкерістен кейін наразылықтар тағы өршіді. Елдің Мандалай және Янгон (бұрынғы Рангун) сияқты ірі қалалары манифестация орталығына айналды, деп жазды ru.euronews.com.
Наразылықтар елдегі қатаң шараларға қарамастан өтіп жатыр. Жергілікті полиция көшеге шыққан көпшіліктің жолына кедергі келтіріп, оларды тарату үшін су атқыштар қолданылуда.
Тәуелсіз бақылаушылар демонстрацияға қатысушылар тарапынан құқық қорғау органдарына қатысты зорлық-зомбылық көрсетілмегенін айтады.
Көше акциялары әскери жарлықтарға қарамасқан өтіп жатыр. Жарлық бойынша елде бес адамнан асқан топтарға жиналуға тыйым салынған және кешкі 20:00-ден таңғы 04:00-ке дейін коменданттық сағат белгіленген.
Қазіргі уақытта ел билігі генерал Мин Аун Хлайнның қолында, алғашқы бұйрықтардың бірі кем дегенде бір жылға төтенше жағдай режимін енгізу болды. Ол сондай-ақ заң шығарушы және атқарушы билік органдарының (парламент пен үкімет) жұмысын тоқтатуды талап етті.