Мәулен Әшімбаев: Экология мен отандық бизнес саласы қорғауды қажет етеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QAZAQSTAN телеарнасына берген сұхбатында Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев экология саласындағы мәселелерді де сөз етті.
Экология мәселесін бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіп жатыр. Әлеуметтік желілерде біздің блогерлер осы мәселелерді жиі көтереді. Сондықтан алдағы уақытта экология мәселелеріне де басымдық беруіміз керек деп ойлаймыз, - деді Сенат Спикері.
Сонымен қатар, өңірлерді, оның ішінде ауылдарды көтеру, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру үлкен мақсаттардың бірі екені айтылды.
Мәулен Әшімбаев пандемия жағдайындағы бизнес ахуалға да тоқталып өтті.
Тағы бір үлкен бағыттардың бірі – шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі. Пандемияға байланысты осы салада қызмет етіп жүрген кәсіпорындардың жағдайы күрт төмендеп кеткені жасырын емес. Соған байланысты жүйелі көмек көрсету мәселесін Сенатта талқылап жатырмыз. Үкіметпен, Мәжілістегі әріптестермен ақылдасып, осы бағытта нақты шешімдер қабылдауымыз керек деп есептейміз, - деді Мәулен Әшімбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда мешіттер өз жұмысын бастады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы