Жванецкидің ұлын ұрды деген күдікпен екі қазақстандық студент ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Мәскеуде жазушы әрі сатирик Михаил Жванецкидің ұлын соққыға жықты деген күдікпен екі Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Baza телеграм-каналы хабарлады.
Канал таратқан мәлімет бойынша, екі студент те Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының студенттері. Жас жігіттер 8 қаңтар күні таңертең "Цыцала" мейрамханасы жанында Дмитрий Жванецкий мен досын соққыға жықты деген күдікке ілінді.Алғашында сөзге келіп қалған олар жазушының ұлын ұрған, кейін досын да соққының астына алып үш мың рубль мен сағаттарын тартып алған. Жәбірленушілер жалпы шығында он үш мың рубльге бағалаған, - делінген ақпаратта.Бір күн өткен соң күш көрсеткендер ұсталды. Олардың Қазақстаннан келген студенттер екені анықталған. Тергеу жұмыстары бойынша бір жігітті РФ ҚПК-тің 91 бабы бойынша қамауға алған, ал досын куәгер ретінде босатқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ Иранға жаңа санкция салды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы