23 Сәуір 2019 2019, 16:10

Мәскеуде Мамин мен Медведевтің кездесуі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 сәуірде Мәскеу қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді.  Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 сәуірде Мәскеу қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевтің кездесуі өтеді.  Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, отын-энергетика, ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылайды. Аймақаралық және шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегін қарау көзделген. 
ҚР және РФ Үкіметтерінің басшыларының кездесуі шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.