«Мұндай дауыс иесі барына таң қалдым». Димаштың германиялық жанкүйері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Юта Мария Лош – Германиядан келген Димаштың жанкүйері, 66 жаста. Әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыс істеген, қазір зейнетте. Ерікті ретінде босқындармен жұмыс істейді, пианинода ойнайды. Тұрмыста, бір қызы мен бір ұлы бар. Сонау Еуропадан 29 маусымда өтетін Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты концертіне келген жанкүйермен сұхбаттастық.     

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            
Димашпен алғаш рет таныстым...
Былтыр желтоқсанда, Рождествода Димаштың өнерімен алғаш рет таныстым. Фейсбукқа кіріп, әлемнің ең мықты әншісі дегенді көріп, мұндай адамның өмірде барына таң қалдым. Тіпті елестете алмадым. Ноутбугымды ашып, «гуглдан» Димаш деп іздедім. Бірінен соң біріне өтіп әндерін тыңдадым. «Уау, шын адам, бұл мүмкін емес қой, қалай бұлай ән айтуға болады?» деп таңырқадым. Үйде күйеуіме, ұлыма «тыңдаңдаршы» дегенімде олар «жоқ, ұнамайды» деді. Ал маған ұнайтынны айттым. Ноутбугымды ашып Димаштың фан клубтарына кірдім. Жанкүйерлер Мәскеудегі концертке жиналып жатыр екен. Мен де барамын дедім. Бір апта тыңдаған соң ғана концертке барамын деп шешім қабыладым. 
Менің алғашқы әсерім...
Димашқа дейін мұндайды тыңдамадым. Бұл сондай мықты, қуатты дауыс. Ешкімге ұқсамайды, бірегей. Оның дауысы адамды елітеді. Тыңдай бергің келеді, тоқтай алмайсың. Келесі ән, келесі ән. Ол қалай қозғалады, мимикасы қалай, ол сондай сымбатты адам. Оған қарағанның өзі әсерлі, жағымды әсер береді. Әнін тыңдаудан ғана әсер алмайсың. Оның келбеті, оның көзқарасы әсерлендіреді. 
Dears жанкүйерлер тобы...
Алғаш рет Мәскеуге Димаштың live концертіне бардым. Бұл басқаша атмосфера. Сол кезде мен секілді басқа да көптеген Dears-ты көрдім. Солай мен де осы топтың бір бөлігіне айналдым. Мен әліге дейін Димашты көргенде таң қаламын. Әлемнің түкпір-түкпірінен достар таптым. Жаңа Зеландия, Америка мен ешқашан болмаған елдерден таныстарым бар. Күйеуіме, балаларыма «отбасыма қараңдаршы, Канада, Малайзия, Индонезия,Тайланд» деп көрсетемін.  
Ең сүйікті әндерім...
Опера 2 және Sinful Passion. 
Мен неге Димашты тыңдаймын? 
Себебі оның дауысы кең, жоғары ноталарды да, төменгі ноталарды да еркін алады. Таң қаласың, баритоннан бастап дауысы жоғарылап, сосын сопранаға барады. Әнді сезініп орындайды. Ол өте ерекше, керемет. Мінезі, жүріс-тұрысы тартымды. Жәй ғана жақсы бала. Әлем де солай қалады деп үміттенемін. Осы жетістіктерінен өзгеріп кетпейді деп ойлаймын. Димаш сыпайы, қарапайым жігіт. Дәл осындай қарапайымдылығын сақтап қалады деп үміттенемін. Ол сондай мейірімді, сымбатты. 
Қызықты оқиға...
Қызым жүкті болып, желтоқсанда балалы болды. Мен сол кезде «уақытым жоқ, Мәскеудегі концертке билет тапсырыс беруім керек» деп жүрдім. Содан кейін «уақытым жоқ, Қазақстанға билет алуым керек» дедім. Ол балалы болды, бұл өмірдегі ең маңызды сәт қой. Бірақ сол кезде өмірдегі екі маңызды нәрсе қатар келіп қалды. 
Димаштың ерекшелігі...
Димаштың бірнеше музыкалық аспапта ойнай алатыны таң қалдырады. Мен тек пианинода ойнай аламын және мұның қандай қиын екенін білемін. Ол пианинода, домбыра, басқа да аспаптарда ойнай алады. Гитара ойнап жатқан видеосын көрдім. Бірнеше аспапта ойнау қалыпты жайт емес. Бұл Құдайдан берілген қасиет. Ән айта алу, аспаптарда ойнау, көп адам бұлай жасай алмайды. 
Қазақстанға сапар...
Германиялық досыммен Димаштың концерттеріне Мәскеуге бармастан бұрын Қазақстанға келуді жоспарладық. Ол Қазақстанға, үш қаланы көруге шақырды. Ақтөбе, Астана және Алматы қалалары. 
Қазақстан туралы...
Осы түнде ғана келдім. Ешнәрсе көре алмадым. Аздап шаршап тұрмын. Түнде ұйықтамадық. Бұл аймақты білемін. Қырғызстанда болдым. Өзбекстанда, Тәжікстанда болдым. Қазақстан Орталық Азиядағы болмаған соңғы елім. Күйеуім машина арқылы жүріп, Қазақстанда. Мен де осы елге келіп отырғаныма мақтанамын. Бұл аймақты жақсы көремін. 
Алдағы жоспарым...
Димаш Германияға Дюссельдорфқа келеді. Осы концертке билеттер алдық. Бұл Димаштың соло концерті емес, Игорь Крутойдың кеші. Ал Димаш қонақ ретінде қатысады. Билет алсақ та тек Димаш үшін барамыз, себебі ешкім ол сияқты бола алмайды. 
Димашқа тілек...
Дауысын сақтаса деп тілеймін. Ол тым жас. Ол күнде ән айтады. Оның дауысы сезімдерді шақырады. Дені сау болуын тілеймін. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы