Мұнайлы ауданында балық шаруашылығын дамыту қолға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Дастан Мұраталиев хабарлады.

Баянды ауылына қарасты су тұщытатын Құйылыста орналасқан "Байұлы" шаруа қожалығына көлемі 100 гектар жер телімі берілді. Нәтижесінде 2018 жылы балық шаруашылығымен айналысатын қожалық іске қосылды. Онда Ресейдің Астрахань облысынан тұқы (карп), сазан, дөңмаңдай (толстолобик) тұқымынан 10000-ға жуық уылдырық әкелінді.

Шаруашылықта 4 адам жұмыс істейді. Қожалыққа қарасты балық өсіруге арналған 15 акватория бар. Бүгінде 4000 ға жуық балық өсіріп отыр. Шаруашылық иесі Басенко Евгений алдағы уақытта балық санын көбейтіп, түтінмен ыстап қайта өңдеу арқылы және халыққа арзан бағада өнім жеткізуді жоспарлап отыр, - деді Дастан Мұраталиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы