Мұнай бағасы құлдырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін деген қауіптен мұнай бағасы түсіп кетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Brent маркасының қарашадағы фьючерсінің бағасы 4,06 пайызға төмендеп, барреліне 41,4 доллар, WTI бағасы 4,45 пайыз арзандап, 39,78 доллар болды.
Ал WTI маркасының қазандағы фьючерсінің құны 4,14 пайыз түсіп, барреліне 39,41 долларға төмендеді.
Мұнай трейдерлері коронавирустың «екінші толқыны» басталуы мүмкін деген қауіп әлемдік экономикаға, оның ішінде шикізаттың сұранысына қысым түсіріп жатыр деп есептейді.
Қазір әлемнің көптеген елінде инфекция жұқтырғандар көбейді және олар карантин шараларын күшейтті.
Сондай-ақ, Ливияда мұнай өндірудің қайта ашылғаны туралы жаңалық та мұнай бағасына қосымша әсер етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 123 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы