Мүгедек баласы бар аналар көмек сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы сал ауруына шалдыққан балалардың аналары кәсіп бастауға көмек сұрады, деп хабарлайды Atameken Business.
Жарымжан жасөспірімдердің күтімінде жүрген әйелдердің сөзінше, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар күнделікті тұрмыстың қажеттілігіне жетпейді. Ал, басқа жұмыспен айналысуға мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан қазір бір топ аналар ұйымдасып қоғамдық бірлестік ашып, кәсіпкерлік бастауға ниетті.Екі ана "Атамекен" кәсіпкерлік палатасында арнайы курстан өтіп, 505 мың теңгелік грантты жеңіп алыпты. Қомақты ақшаға кондитерлік өнімдер дайындайтын пеш алып, жұмыстарын бастағысы келеді. Алайда арнайы ғимарат пен бастапқы кезеңге қажетті қаражаттың жоқтығы қолбайлау болып отыр екен. Тағдыр тауқыметін тартып, өмірдің бар ауыртпалығын көтеріп жүрген нәзікжандыларға Ләззат Рамазанова қолдан келген көмегін көрсететінін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада есірткі тасымалдаған азамат ұсталды
Өзгелердің жаңалығы