Мөлдір Нарынова дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдошы Мөлдір Нарынова жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Olympic.kz. сайты хабарлады.  

Қазақстандық спортгы 70 келі салмақта чемпион атанды. Ол ширек финалда моңғолиялық Оюнтулхур Бумбугурды, жартылай финалда Мария Суанды жеңді. Ақтық сында ирандық Мәриям Барбатиден басым түсті. 

Айта кетелік, Азия чемпионаты Тайпейде өтіп жатыр. Турнирге 21 мемлекеттен 170 спортшы қатысуда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы