Мүгедек бала асырап отырған ата-аналарға төленетін жәрдемақы өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде бірінші шілдеден бастап, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды асырап отырған ата-ана немесе қамқоршыға берілетін жәрдемақы 30 процентке артып, 41 600 теңгеге жуықтады.
Биыл бұл мақсатқа қазынадан 82,8 млрд теңге бөлінген. Мұндай жәрдемақы 2010 жылдан бері төленіп келеді. Ал былтырдан бастап, жасы 18-ден асқан бірінші топ мүгедектерінің қамқоршыларына да қолдау көрсетіледі.
2018 жылы оларға 31 мың 183 теңге көлемінде мемлекеттік қаржы төленіп келсе, биыл шамамен 41 600 теңге алады. Санақ бойынша жәрдемақы 12 800 азаматқа беріледі. Бұл үшін мүгедектік туралы құжатты ХҚКО апару қажет.
«2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап, бала кезінен бастап, мүгедектігі 1-топ азаматтардың қорғаушыларына не ата-аналарына жәрдемақы Бірінші шілдеден бастап, оның да мөлшері 30 пайызға арттырылып, 41 587 теңгені құрайды», дейді ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көшіқон комитетінің басқарма басшысы, Жадыра Дәулетханова.