Мәдениет министрлігі жанынан "Адалдық алаңы" ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі меморандумға қол қойды.


Екі мекеме арасындағы ресми шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов қатысты. 

Кездесу барысында "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ашылуы шарасы өтіп, екі тарап сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күресуге бағытталған Жарғыға қол қойды. 
Еліміз бойынша түрлі деңгейде "Адалдық алаңы" жобасы қолға алынып, жоғары деңгейде қолдау тауып отыр. Біз де бұл бастаманы қуана қолдаймыз, - деді министр.

Сонымен қатар, ұзақ мерзімді жұмыс жоспары әзірленіп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жұмыстарды айқындалды. 
Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамда басты мәселеге айналып отыр. Қазіргі кезде еліміздегі жемқорлықты түбегейлі жоюға бет алған агенттік жұмысына қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамыз, - деді Олжас Бектенов.

Кездесуден соң, Ақтоты Райымқұлова "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде азаматтармен кездесіп, сұрақтарға жауап берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы