Мұғалімдердің жалақысы екі есе артады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама жобасы туралы баяндады.
Жобада педагогтердің мәртебесін бірінші орынға қойып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен төрт жыл ішінде 500 мың педагогтің еңбекақысын екі есеге ұлғайту қарастырылған. Мұғалімдерді қайта даярлау, біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұдан былай балабақша, қосымша білім және колледж педагогтері, олардың басшылары аттестаттаудан өтіп, жалақысы артады. Педагогтердің еңбегін нормалау жүйесін енгіземіз, - деді Аймағамбетов.Білім министрі 2021 жылдан басап университеттің түлектері реттелетін мамандықтар бойынша сертификаттаудан өтетінін айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама жобасында педагогикалық білімді жаңғырту, болашақ мұғалімдердің педагогикалық практикасын өзгерту және ұлғайту, оқу бағдарламаларын 100% жаңарту қарастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда аяқ киім өндірісінің көлемі ұлғайды
Өзгелердің жаңалығы