Мұғалімдердің еңбек демалысы 56 күнге дейін ұзартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан дәстүрлі Тамыз конференциясында педагогтардың мәртебесін арттыру мәселесі туралы сөз қозғады.

«Педагогтар мәртебесі шынында арттыру маңызды. Біздің қазір айтып отырғанымыздың бәрі де тікелей мұғалімдерге байланысты. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтарымыздың жоғары мәртебесіне іс жүзінде жетуіміз қажет. «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасында қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Бұл дегеніміз – мұғалімдерідң жүктемесін азайту, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау және материалдық кепілдіктер. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – сыныпқа жетекшілік еткені және дәптерлерді тексергені үшін екі есе мөлшерде қосымша ақы төлеу, барлық педагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін ұзарту, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы және тағы басқалар», - деді президент.

Президент ауыл мектептеріне үздік менеджерлер мен ұстаздарды тартуды тапсырғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ, Тамыз конференциясы барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау қажет екенін айтты және ұстаздардың жалақысын екі есе өсіруді тапсырды. Сонымен қатар президент ағылшын тілін 2-3-сыныптардан бастап оқыту орынды екенін атап өтті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы