Мұғалім саябақтан салмағы 2,12 карат болатын алмас тауып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Арканзас штатында орналасқан «Алмас кратерінің» келушісі салмағы 2,12 карат болатын алмас тауып алған. Бұл туралы Lenta.ru сайты жазды.

Небраска штатынан келген 36 жастағы ұстаз Джош Лэник «Алмас кратеріне» отбасымен қыдырып келген екен. Серуендеп жүріп жерде жылтырып жатқан тасты байқайды.

«Жерде жатқан жылтыр тасты көзім шалды. Қолыма алып анықтап қарадым. Байқасам тастың қыры жоқ екен», - дейді ол.

Джош тасты әйеліне көрсетіп, тапқан олжасын сөмкесіне салып алады. Қайтар жолда олар тапқан олжаны жоғалған затты табу орталығына апарып көрсетеді. Ондағы мамандар тастың алмас екенін растап, тас 2019 жылы табылған тастардың әзірге ең үкені екенін айтады. Джош бағалы тасты әлі сатпайтынын айтқан.

«Алмас кратері» саябағы сөніп қалған жанартаудың орнында орналасқан. Бұл тастар әлем бойынша тек осы жерден ғана табылады. 1906 жылдан бастап 75 мың алмас табылған. Оның ішінде түссіз, ішінде ешқандай ақаулары жоқ Строун-Вагнер алмасы. Саябақ басшылығы оны 34,7 мың долларға сатып алған.

Айта кетейік, 2018 жылы саябақта 10 минуттай серуендеп жүрген әжей салмағы 2,63 карат болатын алмас тауып алған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы