Люксембургте Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан елшісі Марғұлан Баймұхан Люксембургке іс-сапармен барып, Премьер-министр кеңсесінде және Сыртқы істер министрлігінде екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Люксембург Премьер-министрінің дипломатиялық кеңесшісі Клод Фаберді Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар және президент сайлауының нәтижелері туралы хабардар етті. Сұхбаттастар сондай-ақ екі ел арасындағы саяси байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады. Люксембургте Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайтынын және екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екені атап өтілді.
Люксембург Сыртқы істер министрлігі саяси департаментінің директоры Вероник Доккендорфпен кездесуде ағымдағы жылдағы бірлескен жұмыстың алдын ала қорытындылары мен екіжақты күн тәртібіндегі алдағы іс-шаралар талқыланды. Тараптар жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу үшін байланысты жалғастыруға уағдаласты.