Людмила Гривенная: Қазақ халқы – дарқан халық
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ҚХА кафедра меңгерушісі Людмила Гривенная қазақ халқының дарқандығын айтып, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алғыс айту күні өзге этнос өкілдері үшін шуақты мерекенің бірі. Бұл мейрамда олар қазақ елінің қонақжай пейіліне әбден қаныққанын айтудан жалықпайды.
Қазақстан жұртшылығы үшін бұл мерекенің маңызы орасан. Мереке тұтас тарих тағылымымен, бірге еңсерілген қиыншылықтармен тығыз байланысты. Соңғы екі ғасырда Ұлы Дала мыңдаған халықты бауырына басты. Сондай-ақ саяси шешімдер, яғни, жер аудару туралы жарлық бойынша тарихи Отанынан кетуге мәжбір болып, елге қоныстанған өзге ұлт өкілдерін қазақ халқы қонақжайлылықпен қарсы алды. 1930-1950 жылдары 500 мың адам эвакуацияланды. Қиын экономикалық жағдайға, ашаршылыққа тап болған қазақ отбасылары қоныстанған өзге ұлт өкілдеріне бар көмегін аямады. Тағдыр мен тарих шешілетін қиын-қыстау күндерде аштан әлсіреген жұртшылыққа қорғаушы күштердің көзінше қазақ халқы ақ тастар атқан. Бұл құрт болатын, қарыс жерде қаза қылмай, көптеген адамның өмірін сақтап қалды. Әке-шешелерінен айырылған балаларды қазақтар терісінің түсі мен көзінің қиығына қарамастан өз қамқорлығына алды. Халық арасындағы достастықты ұрпақтарымыз ұмытпауы керек, дейді Людмила Гривенная.
Оның айтуынша, түрлі тағдырды бастан кешкен қазақ даласының құшағы бәріне айқара ашық болып қалуы – ұлттық парасатылығының айғасы.
Бұл адамгершіліктің көп сынаққа төтеп бере алатындығының көрінісі. Осылайша, көп этносты Қазақстан ғасырлар бойы күресіп, қазіргі деңгейіне жетті. Түрлі халық арасындағы қолдау жыл санап нығая түсті. Сондықтан, ҚХА-ны әрбір азамат Алғыс айту күнімен ұштастырады, дейді ол.