6 Сәуір 2020 2020, 11:37

Ұлыбритания премьері коронавирспен ауруханаға түсті

Алматы, BAQ.KZ.  Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жексенбі күні ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін оның инфекция жұқтырғаны хабарланған еді.

Алматы, BAQ.KZ.  Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жексенбі күні ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін оның инфекция жұқтырғаны хабарланған еді.

Үкімет басшысының канцеляриясы таратқан мәліметте, бұл сақтық шаралары үшін жасалғаны айтылады. Осыдан он күн бұрын премьер-министр коронавирусқа қарсы тест жасатып, ол оң нәтиже көрсеткен. 

Кейбір ақпарат көздері оны қолдан демалдыру аппаратына жатқызылатынын хабарлауда. 

Борис Джонсонның жүкті қалыңдығы Керри Саймондста инфекция жұқтырған. Сондай-ақ Уэльстік Чарльз ханзада мен Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок та коронавирус жұқтырып, қазір жазылған.
Соңғы мәлімет бойынша, Ұлыбританияда қауіпті індеттен өлгендер саны бес мыңға жеткен, барлығы 48 мыңдай адам жұқтырған.