Ұлы ойшылдың идеяларына мән беруі - дамудың негізі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласына қатысты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев өз ойын білдірді.

Оның айтуынша президент бұл мақаласында Қазақстан халқын ұлы Абайдың мұралары мен еңбектерін қайта зерделеу, парасат-пайымын қажетімізге жаратуға шақыра отырып, қазақ қоғамын дамытудың алдағы жүзжылдықтағы маңызды басымдықтарын айқындап берді.
 

Ұлан-ғайыр жер мен бай табиғи ресурстарды иеленген Қазақстан дамудың жарқын болашағына ие. Бірақ, оны иегру үшін елімізге сапалы дамыған адам капиталы қажет. Бұл жөнінде кезінде Абай дөп басып айтқан. Қоғамның интеллектуалды қуатын қалыптастыру мен арттыру, адам капиталы идеясын дамытуды Президенттің өз мақаласына арқау етіп алуы кездейсоқтық емес. Ұлы ойшыл еңбектерінде ғылым мен білімге аса мән беруі - дамудың негізі осылар екендігін түйсінгендігінде. Осыны ұғына отырып біздің Президентіміз Қ.К.Тоқаев білім жүйесін модернизациялау реформасын қолға алды. Бүгінде бұл тек сөз жүзінде ғана емес нақты қадамдарға, ұлттық білім беру ісі мен отандық ғылымды қолдау мен дамытуға бағытталған шынайы бағдарламалардың жүзеге асуына сеп болып отыр. Нәтижесінде өткен жылы бакалавриат пен магистратураға бөлінетін мемлекеттік гранттың үлесі артса, оның ішінде техникалық, аграрлық және ақпараттық технологиялар мамандығына гранттар саны көбейді. Биылғы оқу жылынан бастап бөлінген мемлекеттік гаранттың құны 349-дан 878 мың теңгеге дейін өсті, өз кезегінде бұл ЖОО-ның материалдық базасының жақсаруына және кадрларды дайындау сапасының жоғарлауына әкелді. 2025 жылы мемлекет ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды 10 есеге арттыруды көздеп отыр!. Нәтижесінде отандық ғалымдардың ғылыммен алаңсыз айналысуына және елімізде біліктілігі жоғары кадрларды дайындауға даңғыл жол ашылатыны сөзсіз, -дейді ректор. 


Сонымен қатар, мемлекет беріп отырған бар мүмкіндіктерді толығымен пайдалануымыз керектігін айтты.
 

Президент мақаласындағы көтерілген идеялар алдымен біздің жастарымызға бағытталған. Мақалада Абайдың "Толық адам" тұжырымын және оның тұлғаның қалыптасу идеясын негізге ала отырып Президент жас ұрпақтың алдына маңызды міндеттер қойды, яғни білімді, мәдинетті, зиялы, адмгершілігі жоғары адам болып қалыптасу. Тек осындай адам ғана мемлекеттің, қоғамдық болмаса отбасылық-тұрмыстық өмірдің іргелі қорғаны бола алады. Бұл тұрғыда жоғарғы оқу орындары ұстаздарының міндеті студенттерді өзін-өзі жетілдіруге талпыну, сонымен бірге жаһандану жағдайында рухани-адамгершілік құндылықтардан айрылмау сынды ұлы Абайдың өмірлік ұстанымдарын басшылыққа ала отырып тәрбиелеу, - дейді Ақылбек Күрішбаев. 

.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы