Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдар гараждан табылды

Лувр мұражайынан 2025 жылғы қазанда ұрланған зергерлік бұйымдар Париждің солтүстік маңындағы жеке гараждан табылды. Бұл туралы Le Parisien газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеушілердің мәліметінше, қарақшылар алғашқы ірі тонаудан кейін бірнеше рет гаражға оралып, заттарды басқа орындарға тасымалдаған. Камера жазбалары ұрланған бұйымдардың бір бөлігі әлі табылмағанын көрсетеді.

Мұражай дирекциясы қауіпсіздікті күшейту және қымбат бұйымдарды қорғау шараларын қайта қарастыруда. Францияның мәдениет министрі Рашида Дати бұл тонауды кәсіпқойлардың жасағанын, ал оқиғаның бірнеше минут ішінде болғанын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы