Лувр музейі рекорд орнатты

Астана, baq.kz. Парижде орналасқан Лувр музейі 2018 жылы келушілердің саны бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы France 24 телеарнасы хабарлайды. 


Өткен жылы аталған музейге 10 млн-нан астам қонақ келген.

Музей директоры Жан-Люк Мартинестің айтуынша, мұндай оқиға музей тарихында алғаш рет болып отыр.

Луврда дүниежүзінде аса қомақты саналатын шығыс елдері жәдігерлері жинақталған. Сондай-ақ француздың таңдаулы өнер қайраткерлерінің туындылары қойылған. Картиналар галереясы бай.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы