Луноход Этна жанартауында сыналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Этна жанартауының баурайында роботтар Айды зерттеу үшін сыналды. 

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Роботтарды Неміс авиация және космонавтика орталығының қызметкерлері құрды. Ғалымдар сынақ полигоны ретінде Еуропадағы ең үлкен әрі белсенді жанартауды таңдады. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл жер Ай мен Марстың беткі қабатына ұқсас. Сондықтан луноходтарға сынақ жасауға таптырмас орын. 
Экспериментке төрт робот қатысты: екі жеңіл ровер, «Интеракт» луноходы және «Скаут» вездеходы. Олардың міндеті – топыраққа қатысты мәліметтерді жинау және талдау. 

Әрине, ғарышкердің орнына ровер жіберу қауіпті емес және әлдеқайда арзан. Бұл сондай-ақ уақытты үнемдеуге көмектеседі. Роверлерді жерден қашықтан басқаруға болады. Ал астронавтар күрделірек тапсырмаларға немесе роботты тікелей басқару қажет болатын жағдайларда қатысуы керек, - деді жоба жетекшісі Кьетиль Вормнес.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы