Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.
Еске салсақ, бұған дейін Ақордада Президент Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, лорд Анас Сарвармен кездесті. Белгілі болғандай, Қазақстанда 500-ден астам британ компаниясы жұмыс істейді. Президент серіктестікті кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін талқылады.