Лукин ҰҚШҰ ПА отырысына қатысты

Сенатор Андрей Лукин ҰҚШҰ ПА отырысына қатысты деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының кезектен тыс отырысына қатысты.

Сенатор ақпараттық-коммуникациялық технологияның бір түрі ретінде жасанды интеллект технологиясының таралуындағы өзекті мәселелерді басқа елдерден келген әріптестерімен бірге талқылады.

Парламентшілер шара қорытындысы бойынша жасанды интеллект технологияларын әзірлеу мен пайдалану барысы ретімен жүзеге асып, бақылауда, қауіпсіз және сенімді болуын, қоғам мен адамзаттың аса маңызды мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы