Лукин сақтандыру компанияларының қызметіне бақылауды күшейтуді ұсынды

Сенатор Лукин Үкіметке сақтандыру компанияларының қызметіне бақылауды күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда 2005 жылдан бастап қызметкерлерді міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істеп келеді. Ол еңбек міндеттерін орындау кезінде оларды жазатайым оқиғадан сақтандыруды тіркеу мақсатында талап етіледі. Алайда, бұл салада бірқатар проблемалар да бар. Сенатор Андрей Лукин осы тақырыпта депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, қазіргі уақытта ең төменгі сақтандыру мөлшері тиісті жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерін құрайды. Бұл жұмыс берушілер үшін, әсіресе ауылдық жерде қаржы ауыртпалығын туғызады. Сақтандыру шарттары бұзылған жағдайда елеулі мөлшерде айыппұл салынады.

Қолданыстағы сақтандыру жүйесі еңбекке қабілетінен 30-дан 100%-ға дейін айырылған жағдайда ғана төлем беруді көздейді. Қалған жағдайда міндетті сақтандыру шарты жасалған және тиісінше орындалған жағдайда да қызметкердің жоғалтқан жалақысы мен денсаулығының бұзылуына байланысты шығындарды өтеу тікелей жұмыс берушіге жүктеледі. Егер қызметкердің қайтыс болуы немесе кәсіптік еңбекке қабілеттінен айрылу дәрежесі 30%-дан жоғары және одан жоғары болуына байланысты сақтандыру төлемі залалды толық өтеуге жеткіліксіз болса, ал жоғалтқан табыс мөлшері 10 айлық жалақыдан асатын болса, айырмашылықты жұмыс беруші өтеуге міндетті, - деді сенатор.

Депутат сондай-ақ ауылдық жердегі жұмыс берушінің қаржы жүктемесіне еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жұмыс жағдайын жақсарту қамтылғанына алаңдаушылық білдірді. Сақтандыру компаниялары жазатайым оқиға кезінде шығындардың аз ғана бөлігін өтейді. Андрей Лукин осыған байланысты Үкіметке сақтандыру саласындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар шараны қарастыруды ұсынды.

Ауылдық жерлердегі жұмыс берушілерге сақтандыру сыйлықақысының сомасын мөлшерлес қайта қараумен 6 айға сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігін қарастыру керек. Ауылдық жердегі жұмыс беруші төлейтін сақтандыру сыйлықақысының ең төменгі мөлшерін ең аз жалақы көрсеткіші бойынша 1-ден 0,5-ке дейін төмендету керек. Сақтандырудың тиімділігін арттыру шараларын әзірлеу туралы мәселені қарастыру керек, атап айтқанда сақтандыру компанияларының қызметіне бақылауды күшейту және олардың операцияларының ашықтығын қамтамасыз ету керек, - деді Андрей Лукин.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есе өсті. МӘМС жүйесі іске қосылғанға дейін, 2019 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне шамамен 1 трлн теңге бөлінді. Ал 2023 жылы халыққа көрсетілетін медициналық көмекті қаржыландыруға 2,5 трлн теңгеден астам, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,4 трлн, МӘМС бойынша – 1 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған. МӘМС есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай өсуі медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. 
МӘМС жүйесінің негізгі принциптері: 
• әлеуметтік бағдар – мемлекет 15 жеңілдік санатындағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді; 
• ортақ жауапкершілік - халықтың денсаулығы үшін мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар жауапты; 
• медициналық көмекке тең қолжетімділік - әрбір сақтандырылған азамат төленетін жарналардың мөлшеріне қарамастан, медициналық көмектің қажетті көлемін алуға құқығы бар; 
• ақша пациенттің артынан жүреді - пациент медициналық қызметті алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады. Ол Қордың өнім берушісі болуы тиіс; 
• пациенттің құқығын қорғау - Қор медициналық ұйымдарға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана медициналық қызметтер үшін ақы төлейді. 
Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі беріледі: 
• Қазақстан Республикасының азаматтарына, 
• қандастарға, 
• босқындарға, 
• Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) шетелдіктерге. 
• Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар) азаматтығы жоқ адамдарға 
Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде ТМККК аясында медициналық көмек алуға құқығы бар. 
        ТМККК азаматтарға сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі. 
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) мыналар кіреді: 
1. Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін көмек; 
2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде: 
1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару; 
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру; 
3) иммундау (вакцинация); 
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау; 
6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар; 
7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау; 
8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы