Лукашенко жоспарланған халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жоспарланған халықаралық іс-шараларға қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Елорда әуежайында оны  Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды. 

 Астанада Александр Лукашенко Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке АӨСШК бақылаушы мемлекет басшысы ретінде және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы