Лукашенко: Қазақстан – біздің негізгі сауда серіктесіміз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақордада Қазақстан мен Беларусь президенттері кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, мемлекеттер арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға уағдаласты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасымен сауда айналымын ұлғайтуға мүдделі екенін айтты. Сонымен қатар, мемлекет басшысы елдер арасындағы қарым-қатынас қанша жақсы болғанымен, екіжақты талқылауды және шешімін күтетін мәселелер болатынын жеткізді.

"Бізді достықтың, ынтымақтастың дәстүрі байланыстырады. Біздің елдеріміз бір-бірін жақын тартады. Бұл тарихтан айқын болып келеді. Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың осы сапары мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық сұрақтарын талқылауға жақсы мүмкіндік және қажет болған жағдайда бұған қосымша серпін беру. Жаңа негізгі проблемалық мәселелерді талқыладық. Ең жақын елдер болса да, өзара қарым-қатынас барысында түрлі сауалдар шығып қалады. Олар талқылауды, нақтылауды, ең бастысы шешімін күтеді. Басталған келіссөздердің нәтижесінде біз өте маңызды келісімдерге қол қойып, жақын болашақта іске асыра аламыз деген үміттенемін, сенімдемін. Біз елдеріміз арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға, гуманитарлық саладағы қарым-қатынасымызды нығайтуға, халықаралық аренада халықаралық ұйымдардағы өзара белсенді әрекеттестігімізді арттыруға мүдделіміз. Сондықтан бүгін біз келісімге қол қоямыз, сонымен қатар ортақ мәлімдеме жасаймыз. Меніңше, бұл біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды қадам болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алекандр Лукашенко Минск пен Нұр-Сұлтан барлық деңгейде оңтайлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті. 

"Қазақстан мен Беларусьтің қарым-қатынасы бүгінде елдердің стратегиялық қызығушылық деңгейіне жауап береді. Бұл – көпжылдық, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Сондай-ақ, ол болашаққа нақты жоспар қүұруға мүмкіндік береді. Минск пен Нұр-Сұлтан барлық деңгейде оңтайлы қарым-қатынас орнатты. Сенім деңгейі кез келген мәселені ашық деңгейде талқылауға жетті. Ынтымақтастықты дамыту үшін басымдылықтар мен әлеуметтік-экономикалық даму ұқсастықтары, экономиканың шынайы секторын нығайту жұмыс істейді", - деді Беларусь президенті.

Александр Лукашенко Белорусь Республикасы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын құру мен өнім шығару аясында жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстаннан Беларусьқа импорт 45% өскенін атап өтті. 

"Бүгінде біз шағын құрамда экономикалық салада ынтымақтастықты күшейту туралы келістік. Себебі бізде әскери  және дипломатиялық сала бойынша ешқандай сұрақ жоқ. Президент айтқандай, халықаралық күн тәртібіндегі  негізгі проблемалық мәселелерге біздің көзқарастарымыз ұқсас. Қазақстан біздің негізгі сауда серіктесіміз. 3 жылда сауда айналымын екі есеге артырдық. 2018 жылы айналым 900 млрд долларға жетті. Біз елдер арасында сауда айналымын млрд деңгейіне жеткізуге ниеттіміз. Беларусь тарапына қарай саудада дизбаланс байқалады. Алайда, соңғы жылдары Қазақстаннан Беларусьқа импорт 45% айтарлықтай өсті. Осы қарқынды сақтай білсек, саудадағы балансты орнықтырамыз. 8 айдың қорытындысы бойынша біздің елге келген көлем 1,5 есеге артты. Бұл бірлескен жұмыстың нәтижесі. Қазақстандық тараптың үйлестірілген саудасын орнату ұсынысын қолдаймыз. Бүгін біздің Үкімет мүшелері жасаған баяндамаларынан екіжақты күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша келісім орнатылған. Біз бүгінде бірлескен кәсіпорын құру мен өнім шығару саласында жұмыс істеуге әзірміз", - деді Александр Лукашенко.

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Беларусь президенті Қазақстанға ресми сапармен келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы