Лукашенко мен Путин Мәскеуде кездесуге келісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин мен таяуда Беларусь Президенті болып қайта сайланған Александр Лукашенко Мәскеуде кездесетін болды, деп хабарлайды Кремльдің ресми сайты.

Алдағы апталардың бірінде Мәскеуде кездесу өткізу бойынша келісімге келді, – делінген хабарламада.
Кремль баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Путин мен Лукашенко телефон арқылы сөйлесу кезінде әріптестік құруға дайын екендерін жеткізген.

Бұған дейін Ресей мен Беларусь басшылары 24 тамызда сөйлескен болатын. Сол кезде Беларусь тұрғындары коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина сынағының үшінші кезеңіне қатысады деп келісіліген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы